Прокурор Нұрлан Жоламановты 14 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады


Мемлекеттік айыптаушы ҰҚК Шекара қызметінің бұрынғы басшысы Нұрлан Жоламановты 14 жылға бас бостандығынан айырауды сұрады деп хабарлайды Новости Казахстан агенттігі.

Аса ірі көлемде пара алып, ұйымдасқан қылмыстық топ құрды деп айыпталған Нұрлан Жоламановқа қатысты сот ісі аяқталуға жақын.

Бүгін мемлекеттік айыптаушы Нұрлан Жоламановты мүлкін тәркілеп, мемлекеттік қызметтен өмір бойына аластатып, 14 жылға соттауды, айыбын қатаң тәртіптегі колонияда өтеуді сұрады.

Ал осы істегі тағы бір айыпталушы, 2458 әскери бөлімінің капитаны Қайрат Балмағамбетовті прокурор тергеу жұмыстарына көмектескені үшін айыптан босатуды сұрады.

По сообщению сайта Nur.kz

Читайте также:


Комментарии запрещены.

Информационный портал Аkimataktobe.kz

Статистика
Яндекс.Метрика Рейтинг@Mail.ru