17 қазанда «Қазақстан» және «Kazsport» телеарналары Г.Головкин мен Д.Лемье жекпе-жегін көрсетеді

17 қазанда «Қазақстан» және «Kazsport» телеарналары Геннадий Головкин мен Давид Лемье жекпе-жегінің трансляциясын көрсетеді. Ол әлемдік кәсіби бокстың отаны Нью-Йорк қаласындағы MadisonSquareGarden аренасында өтеді.

WBA (Super) және WBC (Interim) нұсқалары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин және IBF нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы канадалық Давид Лемье арасындағы жекпе-жек күні белгілі болды.

Бүгінгі таңда сарапшылар Лемьені Голвкинге мықты қарсылас ретінде бағалап отыр. «Бұл Головкиннің кәсіби мансабындағы мықты, әрі қауіпті қарсыластарының бірі», — дейді «Kazsport» телеарнасының бас продюсері Павел Цыбулин. «Соңғы берген сұхбатына қарағанда ол Геннадийдің тактикасын толық зерттеп, оны рингта жеңуге әзір екені көрініп тұр».

Давид Ламьенің шыққан тегі армян, канадалық боксшы саналады. Мойындалған нокаутер. Орта салмақта өнер көрсетеді. 1988 жылы Монреал қаласында дүниеге келген. Лемьенің кәсіби рингтегі бірінші күресі 2007 жылдың 14 сәуірінде өткен болатын.

Бүгінгі күнге дейін 26 жасарлық Лемье 34 рет жеңіске жетсе (31 нокаут), екі рет жеңіліс тапқан болатын. Естеріңізге салайық, Головкиннің қоржынында 33 жеңіс (30 нокаут), бірде бір рет жеңіліп көрмеген.

По сообщению сайта Новости пресс-служб

Читайте также:


Комментарии запрещены.

Информационный портал Аkimataktobe.kz

Статистика
Яндекс.Метрика Рейтинг@Mail.ru