Алматы Марафоны онлайн-тіркелудің басталғанын жариялайды

Жыл сайынғы қайырымдылық Алматы Марафоны салауатты өмір салтын ұстанушыларды бесінші мерейтойлық марафонға қатысуға шақырады. Бүгін, 6 тамызда www.марафон.kz ресми сайтында 2016 жылғы 17 сәуірдің 23 сағат 59 минутына дейін жалғасатын онлайн-тіркелу өз жұмысын бастайды*.

Алматы Марафоны арнайы өзінің мерейтойына орай жанкүйерлеріне тосын сый дайындады: 42 км 195 метрлік марафон қашықтығына тіркелген алғашқы 100 қатысушы атаулы сөрелік нөмірге ие болады!

— Соңғы жылдарда Алматы Марафоны қаламыздың ең күтулі спорт оқиғасына айналды. «Бірінші болу — батылдық» ұранымен өтетін мерейтойлық бесінші жылы 20 000 астам адам жиналады деп күтіп отырмыз. Ұсынылып отырған қашықтықтар өзгерілмеді — 3 км, 10 км, 21 км и 42 км 195 метр. Дәстүр бойынша корпоративтік командалар үшін «Экиден» эстафетасы болады. Алматы Марафонының әуесқойлары үшін шағын тосын сыйымыз да бар. Онлайн-тіркелуден өтіп, қайырымдылық жарнаны төлеген 42 км 195 метр қашықтығының алғашқы 100 қатысушысы марафон ұйымдастырушыларынан сыйлыққа атаулы сөрелік нөмір алады. Онлайн-тіркелу 1 тамызда сағат 00.00-де басталатынын естеріңізге саламыз. Барлық алматылықтар мен қала қонақтарын бізбен бірге Алматы Марафонының мерейтойын атап өтуге шақырамыз, — дейді Алматы Марафоны ұйымдастыру комитетінің директоры Салтанат Қазыбаева.

Алматы Марафоны өзінің бірінші күнінен бастап Алматы тұрғындары мен оның қонақтарының көңілін аулап үлгерді. Бұл спорт мерекесіне қатысу одан әрі танымал және беделді болып бара жатыр. 2012 жылы өткен ең алғашқы Алматы Марафоны 2 500 астам жинаса, 2015 жылы бұл спорт шарасына әлемнің 40 елінен келген 19 000 астам адам қатысты.

Алдыңғы жылдарда жеткен жетістіктерге қарамастан, Алматы Марафонының ұйымдастыру комитеті бұл спорт жарысын Нью-Йорк, Амстердам және т.б. сияқты әйгілі марафондардың халықаралық деңгейіне жеткізетін ұйымдастыру жұмыстарын жетілдіруді жоспарлап отыр. Кластерлік жүйелерді енгізу – 2016 жылдың жаңалықтарының бірі болады. Сонымен қатар сөреге тіркелуден өтіп, сөрелік нөмірлерін алған қатысушыларды ғана жіберу жоспарланып отыр.

Алматы Марафонының қатысушыларымен жиналған қаражаттың барлығы ірі республикалық қайырымдылық жобаларды қолдауға жіберіледі. Естеріңізге сала кетейк, 2015 жылы Алматы Марафоны қаражатты сөйлеу қабілеті өте нашар балаларға арналған №9 мектеп-интернатының аумағында заманауи спорт стадионының құрылысына жіберді. 

По сообщению сайта Новости пресс-служб

Читайте также:


Комментарии запрещены.

Информационный портал Аkimataktobe.kz

Статистика
Яндекс.Метрика Рейтинг@Mail.ru